Өзін «полицеймін» деп таныстырып, тұрғындарды тонаған алаяқ ұсталды

Өзін «полицеймін» деп таныстырып, тұрғындарды тонаған алаяқ ұсталды

Ш. есімді азамат бұдан бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бұл жолы ол тонау «тәсілін» өзгерткен.

Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев: «Өзін полицей ретінде таныстырып, жолаушыларды тонаған. Алаяқ ұсталды. Одан полиция формасы тәркіленді. Форманы базардан сатып алған. Ш. есімді азаматтың әрекеті ҚК 191-бабының 3-тармағы бойынша тексеріліп жатыр. Күдікті Алматы аумағында және Алматы облысының шекаралас аудандарында жасалған басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деді.

Осыған дейін күдіктінің бес қылмысқа қатысы бары анықталды.