Алматы облысында 26 рет ұрлық жасап, 15 миллион теңгеден астам шығын келтірген ұры ұсталды
Алматы облысында 26 рет ұрлық жасап, 15 миллион теңгеден астам шығын келтірген ұры ұсталды
142
оқылды

Ескелді ауданы полиция бөлімінің бастығы Қайрат Баймұханов: «Тергеушілер оның Алматы облысында 26 ұрлыққа қатысы барын анықтады. Қарабұлақ, Шымыр, Бақтыбай, Балпық би, Талдықорған және өзге де елдімекендерде ұрлық жасаған. Тапа-тал түсте жеке үйлерді тонаған. Жалпы материалдық шығын 15 миллион теңгеден асады. Күдікті қамауда отыр», – деді.

Ұры көбінесе алтын зергерлік бұйымдар, ұялы телефондарды үптеп кеткен. Тергеу басталды.