Әскери қызметші сарбаздардың атына несие рәсімдеген
Әскери қызметші сарбаздардың атына несие рәсімдеген
©Reuters
223
оқылды

Өскемен қаласында Жамбыл облысының тумасы алаяқтықпен ұсталды. 23 жасар азамат бұрын әскери салада қызмет еткенін пайдаланып өзімен бірге Отан алдында борышын өтеген жолдастарының атына несие рәсімдеген.

Олардың жеке мәліметтерін пайдалана отырып, шағын несие компаниялары арқылы 400 мың теңгені қолды қылған. Қазіргі таңда күдіктінің үстінен алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалуда.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы