Көпшілік бұл көрініске сүйсінді.
Мөлдір Әуелбекова келініне көлік сыйлады (видео)
195
оқылды

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде келініне көлік сыйлаған сәттегі видеоны жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Көпшілік бұл көрініске сүйсінді.

«Әулетіміздің еркетотайы! Келінімнің арманын орындау маған бұйырыпты! Су жаңа тұлпарың жақсылыққа жүргізсін! Ортамызда осылай жарқырап жүре бер, ботақан! Жұғысты болсын!», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары олардың татулығына риза болып, жылы лебізін білдірді.

«Мөлдір, сен әрдайым қуаныш сыйлағанды жақсы көресің», «Керемет! Құтты көлік болсын. Әнел келіншекке әбден лайық. Ақжолтай көлік болсын, қатты қуанып отырмын. Мөлдір қандай жомарт жан», «Келініңіз сізге ұқсайды екен. Құтты, берекелі көлік болсын», деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.