Солардың бірі – Түркістан қаласының индустриалды аймағында орналасқан Turkestan Textile тігін фабрикасы. Ашылғанына бірнеше ай болған компанияда қазіргі таңда 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған.
Тоқыма өнімдерін өндіретін тігін фабрикасы салтанатты түрде Премьер-министр Асқар Мамин мен Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Ариповтың қатысуымен ашылған. Бүгінде қазақ-өзбек біріккен кәсіпорнының өніміне сұраныс өте жоғары.«Қазіргі таңда Түркістандағы тігін фабрикасының өнімдері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына саудаланып жатыр. Сұраныс жақсы. Түркістан облысымен қатар өзге өңірлерге де шығарылуда. Біз негізінен Түркістан қаласында тұратын көпбалалы, әлеуметтік көмекке мұқтаж аналарды үйретіп, жұмысқа қабылдадық. Мақсатымыз – жұмыс орнын көбейтіп, отандық өндірісті дамыту», – дейді ол.
Жалпы бұл фабрика бір айда 15 мың дана тоқыма өнімін шығаруға қауһарлы. Жалпы зауытқа тартылған инвестиция сомасы – шамамен 420 миллион теңге.