Токио – 2020: Дзюдодан Қазақстан спортшыларының қарсыласы белгілі болды
Токио – 2020: Дзюдодан Қазақстан спортшыларының қарсыласы белгілі болды
Фото: sportx.kz
232
оқылды

Қазақстан спортшыларының алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды деп хабарлады Olympic.kz.

Әйелдер

48 келі Рио Олимпиадасының жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің бірінші айналымдағы қарсыласы – қытайлық Ли Ю.

Ерлер

60 келі Елдос Сметов Олимпиада ойындарын екінші айналымнан бастайды. Сметовтің қарсыласы – М. Аққұс (Түркия)/Намгел Нгаванг (Бутан) жұбының жеңімпазы болмақ. 66 келі Ерлан Серікжановтың Токио татамиіндегі алғашқы қарсыласы – әзірбайжандық Орхан Сафаров. 73 келі Жансай Смағұлов Олимпиададағы алғашқы кезеңде армениялық Фердинанд Карапетянмен кездеседі. 81 келі Дидар Хамза Токио ойындарындағы бірінші белдесудегі қарсыласы – моңғолиялық Саид Моллаи. 90 келі Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарындағы алғашқы айналымда әзірбайжандық Мамедәлі Мехдиевпен белдеседі.