Жетісайда үшем дүниеге келді
Жетісайда үшем дүниеге келді
Фото: www.gov.kz

Әкімдіктің мәліметінше, 34 жастағы Аягөз Қарымсақова № 2 Облыстық перинаталды орталықта екі қыз бен бір ұл босанды.

Жаңа туған нәрестелерге Ернұр, Айнұр, Балнұр есімдері берілді. Сәбилер 37 аптасында дүние есігін ашқан. Үшемдер ертең перинаталды орталықтан үйіне шығады.

Үшем дүниеге келген отбасының бір ұл мен екі қызы бар. Әкесі мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Анасы физика пәнінен сабақ береді.