«Бүгінгі игі акцияға аудан көлеміндегі «Батсу водоканал» ЖШС, «Ордабасы тас» ЖШС, шаруа қожалықтары, аудандық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» фракциясының мүшелері, ерікті азаматтар, аудан тұрғындары үлес қосты. «Nur Otan» партиясының өзге аудандардағы фракция мүшелері де өз ауылдарында игі іске үлес қосып жатыр. Біз – Маңғыстау жұртымен біргеміз!», – дейді Ә.Бердімұрат. «Шөп жинау үшін аудан бойынша 5 бекет ұйымдастырылып, 5 мың баудан астам шөп жиналды. Жалпы, Ордабасы ауданында мал азығы жеткілікті деңгейде. Бірақ жылдағыдай бітік шөп болмауына байланысты аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың бастамасымен әрбір ауыл округтерінде мал азығын жинау пункттері ашылды. Ол жерге жем-шөп қоры жиналу үстінде. Өзен бойындағы қамыстар да орылуда. Осы қор арқылы қыста әлеуметтік аз қамтылған, мал азығын жинауға шамасы жоқ, ер-азаматтары жоқ отбасыларға жем-шөп беріледі. Аудан әкімдігі қысқы науқанға дайындықты бастап кетті», – дейді Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әбілда Әлібеков.Бадам стансасынан жолданған мал азығы Маңғыстау облысының Шетпе, Құрық және Жетібай стансаларына жеткізіледі.
«Nur Otan» партиясының мүшелері Түркістан облысынан Маңғыстауға 4 вагон мал азығын жіберді
106
оқылды
оқылды