Токио-2020: Қазақстан боксшыларының алғашқы қарсыласы белгілі болды
Токио-2020: Қазақстан боксшыларының алғашқы қарсыласы белгілі болды
Фото: kaz.nur.kz
366
оқылды
Бүгін Токио Олимпиадасына орай боксшылар арасында жеребе тарту рәсімі өтті. Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, жеребе бойынша қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды. Олар: 52 келі Сәкен Бибосынов – Янкиель Ривера (Пуэрто Рико)   57 келі Серік Теміржанов – Роланд Галос (Венгрия)   63 келі Зәкір Сафиуллин – Леодан Пезо (Перу)   69 келі Абылайхан Жүсіпов – қарсыласы кейін анықталады.   75 келі Әбілхан Аманқұл – қарсыласы кейін анықталады.   81 келі Бекзад Нұрдәулетов – қарсыласы кейін анықталады.   91 келі Василий Левит – Эммануель Рейес (Испания)   +91 келі Қамшыбек Қоңқабаев – Есри Рез Мұстафа (Египет)   +75 келі Надежда Рябец – Тамара Тибелт (Канада). Айта кетейік, Токио Олимпиадасында ерлер 8 салмақ санатында, ал әйелдер 1 салмақ бойынша сынға түседі.