Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Фото: Stan.kz
173
оқылды
Танымал америкалық инсайдер Дэн Рафаэль Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Риота Муратаның (16-2, 13 КО) жекпе-жегі бойынша келіссөздер туралы жаңа ақпаратпен бөлісті, – деп хабарлайды Sports.kz. Бастапқыда Головкин - Муратаның жекпе-жегі 31 желтоқсанда Токиода Tokyo Dome аренасында өтеді деп жоспарланған болатын, алайда бұл жекпе-жек басқа күнге және басқа жерге ауыстырылуы мүмкін.
«Келіссөздер жүріп жатыр, олар шарттарды талқылау сатысында, ал лагерьлер арасында түзету туралы ұсыныстар бар» делінген дереккөздерде.
Дэн Рафаэльдің мәліметінше, жекпе-жек 28 желтоқсанда Токиодан тыс Сайтамада Saitama Super Arena-да өтуі мүмкін.