СҚО полицейлері ірі көлемде есірткі тәркіледі
СҚО полицейлері ірі көлемде есірткі тәркіледі
Фото: Polisia.kz
123
оқылды
СҚО полицейлері есірткі таратқан адамнан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері арнайы операция барысында 27 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Ол синтетикалық есірткіні жасырып кету арқылы таратты деген күдікке ілінген. Ұсталған ер адамнан ұнтақ тәріздес ақ түсті заты бар 9 түйіншек алынды. Тағы 16 түйіншек күдікті көрсеткен жасырылған жерлерден және 3-уі жалға алған пәтерден табылды. https://www.youtube.com/watch?v=ZRFH2yJHEuM   Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
«Сараптаманың қорытындысына сәйкес алынған зат «мефедрон» деген атпен белгілі синтетикалық есірткі. Қазіргі таңда ол аса қауіпті есірткі болып есептеледі. Тәркіленген заттың жалпы салмағы – 49,15 грамм, бұл аса ірі көлемге жатады. Одан қарапайым есеп бойынша бір рет пайдалануға болатын 800 дозаны алуға болады. Синтетикалық есірткіні таратумен күресуге ерекше көңіл бөлінеді», – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.