«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынды аталған кеңестің төрағасы Бауыржан Қуанышбеков жүргізді. Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты кеңес отырысы онлайн форматта болды.
Жиынға кеңес мүшелерімен қатар Шымкент қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, қалалық мәслихаттағы фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Жанат Өтебаева қатысты. Айта кетейік, «Nur Otan» Шымкент қалалық филиалының алдағы 5 жылға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасында қаланың топ-10 басымдықтары нақтыланып, соның ішінде әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінген. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес осы күнге дейін екі отырыс өткізіп, тұрғындардың осал топтарын қолдап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру бойынша маңызды мәселелерді талқылап, оның шешілуіне ықпал жасаған. Ал бүгінгі отырыста соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнет жасындағы адамдарға медициналық көмек көрсету барысы талқыланды. Кеңес отырысында қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Жанат Өтебаева Шымкентте соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнеткерлік жастағы адамдарға жасалып отырған көмек туралы баяндама жасады.Әбілмансұр ЖАСАН