Алматыда курсантқа оқ тиіп, жараланды
Алматыда курсантқа оқ тиіп, жараланды
Сурет: pixabay.com
147
оқылды
Қорғаныс министрлігі Алматыдағы Құрлық әскерлері әскери институтындағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Оқыс оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пайда болды.  
"20 шілдеде Құрлық әскерлері әскери институтында диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жаттығу кезінде курсанттардың бірі қаруды пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтамауына байланысты автоматтан оқ атылды. Атылған оқ басқа курсанттың аяғына тиген. Жәбірленуші жедел түрде Алматыдағы Әскери клиникалық ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Курсанттың денсаулығына қатты қауіп төніп тұрған жоқ. Оқыс оқиға туралы ата-аналарға хабарланды", – делінген Қорғаныс министрлігінің түсініктемесінде.
  Құзырлы ведомство қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.