Алматы облысында судья 9 жылға сотталды
Алматы облысында судья 9 жылға сотталды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
212
оқылды

Алматы облысында Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды. Сот үкімімен ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров хабарлады.

Судья Сүлейменовке орман шаруашылығының директоры Юлдашовтан алдау жолымен 12 миллион теңге пара алды деген айып тағылған. Ол ақшаны өзі шығарған ақтау үкімін күшінде қалдыру үшін облыстық судьяларға беремін деп алған.
«2021 жылдың 22 шілдесінде Талдықорған қалалық соты Сүлейменовті 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - деді Данияр Бекайдаров.
Дәл осы үкіммен Юлдашов пара беруге оқталғаны үшін 8 жылға сотталды. Ал оның сыбайласы Имиров 7 жылға түрмеге қамалды.