Халықты ойландыратыны – ауызсу
Халықты ойландыратыны –  ауызсу
125
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шым­кент қалалық филиалы жа­нын­дағы аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы ғимаратында өткен мәжілістің күн тәртібінде пар­тияның сайлауалды бағарла­масы бойынша Шымкентте алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстар бойынша әзірленген Жол карта­сында көрсетілген халықты ауыз­сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар мен қабыл­данған шешімдер талқыланды. Бұл бағытта қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашалық бас­қар­масы басшысының міндетін атқарушы Абай Ашаевтың есебі тыңдалды. Жиынға кеңес мүшелерімен қатар «Nur Otan» партиясы Шым­­­кент қалалық филиалы тө­ра­ға­сы­ның орынбасары, фракция жетек­шісі Бекайдар Төлегенов қатысты. Айта кетсек, «Nur Otan» пар­тиясы Шымкент қалалық фи­лиалы партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сай­лауалды бағдарламасына сәйкес алдағы 5 жылға жоспар­лан­ған жұмыстардың реті жазылған Жол картасын әзірлеген болатын. Аталған Жол картасында алдағы 5 жылда тіршілік көзін тасып ішетін 42 мың тұрғыны бар 7 елді мекенде ауызсу мәселесін түпкілікті шешу мақсат етілген. Сонымен қатар суды шекті көлемде ішіп отырған 5 елді мекенде де бұл мәселеге нүкте қою жоспарланған. Жиын соңында «Nur Otan» пар­­тиясы Шымкент қалалық фи­лиалы жанындағы аймақты да­мы­ту өңірлік қоғамдық кеңесі тиісті басқармаға партияның сайлауалды бағдарламасында көр­сетілген осы іс-шаралардың орын­далуын бақы­лауға алуды тапсырды.

Әбілмансұр ЖАСАН