Токио Олимпиадасы: Елдос Сметов алғашқы қарсыласын жеңді
Токио Олимпиадасы: Елдос Сметов алғашқы қарсыласын жеңді
Сурет: Дзюдо Федерациясы
538
оқылды

Токиодағы Олимпиада ойындарында 60 келі салмақта бақ сынап жатқан дзюдошы Елдос Сметов алғашқы айналымда түркиялық қарсыласын жеңді, деп хабарлайды "Айқын" тілшісі.

Осылайша Елдос Сметов Токиодағы алғашқы белдесуін сәтті аяқтады. Ол түркиялық қарсыласы Михрач Аккушты айқын басымдықпен жеңді. Алдағы ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джинмен кездеседі. Еске салсақ, боксшы Серік Теміржанов венгриялық қарсыласын сүріндірді.