Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірінші айналымда оның қарсыласы аустралиялық Саманта Стосур болды. 1 сағат 10 минутқа созылған сайыста қарсыласынан 6:4 және 6:2 есебімен екі басым түскен қазақстандық тениисші жарыстың келесі раундына шықты. Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бублик ресейлік Даниил Медведевпен күш сынасып жатыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, дзюдошы Елдос Сметов қарсыласын ұтып, жартылай финалға шықты. Енді жартылай финалда жапониялықпен күш сынасады.Айта кетсек, ширек финалда ол Оңтүстік Кореяның үміті Ким Вон Джинмен белдескен болатын. Қазақстандық дзюдошы қарсыласын «иппон» әдісімен ұтып кетті. Сондай-ақ, боксшы Серік Теміржанов та өзінің алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.