Атырау облысында екі қабатты дүкен өртеніп кетті
Атырау облысында екі қабатты дүкен өртеніп кетті
Фото: mgorod.kz
141
оқылды
Атырау облысында екі қабатты дүкен өртеніп кетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Құрманғазы ауданында болған.
«Құрманғазы ауылында 22 шілдеде сағат 16:40-та екі қабатты дүкеннің өртенгені туралы хабар түсті. Жалынды сөндіруге 30 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды. Дүкеннің 800 шаршы метр аумағын шарпыған өрт сағат 18:10-да сөндірілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
 width=