Токио-2020: Дзюдошы Ерлан Серікжанов Олимпиада ойындарын сәтті бастады
Токио-2020: Дзюдошы Ерлан Серікжанов Олимпиада ойындарын сәтті бастады
234
оқылды

Токио Олимпиадасында дзюдо бойынша жарыстардың екінші күні басталды. Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов жарысты сәтті бастады, – деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін, жарыстың екінші күнінде ерлер 66 келіге дейінгі, әйелдер 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. 66 келіде Қазақстан сапынан татамиге шыққан Ерлан Серікжанов алғашқы кездесуінде қарсыласын жеңді. Әзербайжандық Орхан Сафаровпен белдескен ол қосымша уақытта "вазари" ұпайын еншіледі. Айта кетерлігі, Ерлан Серікжановтың келесі қарсыласы әлем чемпионатының күміс жүлдегері италиялық Мануэль Ломбардо болады. Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК