Токиода Олимпиада ойындарының үшінші жарыс күні жалғасуда. Бүгін шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Курбанов алғашқы айналымда жеңіске жетті, – деп жазады Olympic.kz.
Курбанов бірінші айналымда италиялық Марко Фихерамен кездесіп, қарсыласын 15:7 есебімен ұтты. Русланның келесі айналымдағы қарсыласы Масаду Ямада (Жапония) – Роман Петров (Қырғызстан) жұбының жеңімпазы болмақ.