Отандық жүзгіш Виталий Худяков Токио Олимпиадасына қатысады
Отандық жүзгіш Виталий Худяков Токио Олимпиадасына қатысады
Сурет: olympic.kz
297
оқылды

Қазақстандық жүзгіш Виталий Худяков ашық суда жүзуден Токио Олимпиадасының жолдамасын алды. Оған қосымша квота бөлініп, Худяков Токио Олимпиадасында сынға түсетін 97-ші қазақстандық спортшы атанды. Ал өз кезегінде бұл команда еншісіндегі 98-ші жолдама, — деп жазады Olympic.kz.

Худяков ашық суда жүзуден 2019 жылғы Азия чемпионы. Алғашында құрлық чемпионатының алтын жүлдегері үшін Олимпиадаға жолдама берілетіні айтылған. Алайда, ойын басталғанға дейін Виталий лицензия алған жоқ. Осы орайда, Қазақстан ҰОК ашық суда жүзуден команда өкілі өз еңбегінің нәтижесіне сай Токио ойындарына қатысу құқығын алғанын хабарлайды. Спортшының нәтижесін ескере отырып, барлық жұмыстар атқарылды. Спортшылардың құқығын қорғау, оның ішінде Олимпиадаға қатысу құқығын реттеу Ұлттық олимпиадалық комитеттің басты міндеттерінің бірі. Виталий Худяков команданың екінші бөлігімен бірге 28 шілде күні Токиоға ұшып келеді.