Турист жасөспірім қызды халық көп жиналған жағажайда зорлады
Турист жасөспірім қызды халық көп жиналған жағажайда зорлады
Сурет: pauloduarte
170
оқылды

Ұлыбританияда турист 15 жастағы қызды күндіз адам көп жиналған жағажайда зорлады. Оқиға британиялықтар арасында танымал курорттық қалада — Борнмутта болды, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, жасөспірім жағажайда достарымен волейбол ойнаған. Ойын барысында доп алысқа кетіп қалады. Қыз оны әкелемін деп жүгіреді. Сол кезде ер адаммен сөйлесіп қалады. Біраз уақыттан кейін олар бірге теңізге кіріп, жағадан алыс жүзіп кетеді. Турист жағдайды пайдаланып, қызды зорлайды. Осыдан кейін ол қылмыс орнынан жасырынған. Қылмыскердің кім екені анықталмады, бірақ жәбірленуші оны 18 жастағы бойы қысқа, қара шашты жігіт деп сипаттады. Сондай-ақ, ол Оңтүстік Азияның тумасы сияқты көрінген. Полиция кәмелетке толмаған баланы зорлау фактісі бойынша тергеуді бастады, ер адамның фотороботы Борнмут көшелеріне ілінді.