25 шілде 14.00-дегі ахуал бойынша ауыл әкімдеріне халықтың 63,7%-ы дауыс берді. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында Қостанай облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Дуанбаева хабарлады.
Өңірдегі сайлау науқаны қалыпты өтіп жатыр. Барлық сайлау талаптары орындалып, ережелер сақталған.
«Облыстық сайлау комиссиясының сағат 14:00-дегі мәліметіне сәйкес, Қостанай облысы бойынша дауыс берушілердің 63,7%-ы өз таңдауын жасады. Ауыл әкімдерінің сайлауы ҚР Конституциясы мен Сайлау туралы заңның талаптарына сай жүріп жатыр», – деді Қостанай облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Дуанбаева «Хабар24» телеарнасының тікелей эфирінде өткен баспасөз мәслихатында.
Қостанай облысы бойынша ауыл әкімдері сайлауында сағат 14:00-дегі дауыс беру қарқыны:
Алтынсарин ауданы – 63%;
Амангелді ауданы – 63,1%;
Әулиекөл ауданы – 59,5%;
Денисов ауданы – 53,5%;
Жанкелді ауданы – 63,4%;
Жітіқара ауданы – 66,2%;
Қамысты ауданы – 62,2%;
Қарабалық ауданы – 65,8%;
Қарасу ауданы – 64,4%;
Қостанай ауданы – 55,7%;
Меңдіқара ауданы – 68,3%;
Наурызым ауданы – 63,6%;
Сарыкөл ауданы – 74,4%;
Майлин ауданы – 62,3%;
Ұзынкөл ауданы – 63,8%;
Федоров ауданы – 67,6%;
Арқалық қаласы – 63,7%;
Лисаковск қаласы – 62,1%;
Рудный қаласы – 66,8%-ды құрайды.