Александр Куликов слаломды есуден Олимпиаданың жартылай финалына өтті
Александр Куликов слаломды есуден Олимпиаданың жартылай финалына өтті
Сурет: Olympic.kz
205
оқылды

Токио Олимпиадасында слаломды есуден іріктеу кезеңі аяқталып, қазақстандық Александр Куликов жартылай финалға жолдама алды, — деп жазады Olympic.kz.

Екі іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша, Куликов 108.12 көрсеткішімен 15-орын алды. Осылайша, жартылай финалға өткен 15 спортшының қатарына енді. Куликов іріктеуден соң көш бастап тұрған словакиялық Матиж Бенустан 10.54 секунд ұтылды.