СҚО-да ауыл әкімдері сайлауында жергілікті халықтың 70,7% дауыс берді
СҚО-да ауыл әкімдері сайлауында жергілікті халықтың 70,7% дауыс берді
© turkystan.kz
117
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:00-де аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауда тұрғындардың 70,7%-ы дауыс берді.
«Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 70,7%-ы алды. Оның ішінде: Айыртау ауданында – 3 224 сайлаушы немесе 73,07%, Ақжар ауданында – 689 сайлаушы немесе 73,14%, Аққайың ауданында – 6 953 сайлаушы немесе 76,66%, Есіл ауданында – 6 410 сайлаушы немесе 67,22%, Жамбыл ауданында – 3 827 сайлаушы немесе 73,85%, Қызылжар ауданында – 5 112 сайлаушы немесе 66,03%, Мағжан атындағы ауданда Жұмабаев ауданында – 2 690 сайлаушы немесе 78,98%, Мамлют ауданында – 4 895 сайлаушы немесе 69,61%, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда – 1 815 сайлаушы немесе 73,72%, Тайынша ауданында – 1 997 сайлаушы немесе 53,13%, Тимирязев ауданында – 1 296 сайлаушы немесе 72,36%, Уәлиханов ауданында – 745 сайлаушы немесе 80,89%, Шал ақын ауданында – 3 104 сайлаушы немесе 73,62%», – деді Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскин.
Аталған облыста 174 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлаушылар тізімінде 60 мыңнан астам адам бар. Бақылаушылардың жалпы саны 522 адамды құрады. Өңірде қазіргі уақытта ауылдарда 288 мыңнан астам (53%) халық тұрады.