Жөлек ауылында алғашқы дауыс берген адамға сыйлық берілді
Жөлек ауылында алғашқы дауыс берген адамға сыйлық берілді
236
оқылды
Бүгін Шиелі ауданы Жөлек ауылдық клуб үйіндегі сайлау ҚР-ның Әнұранымен басталды. Сондай-ақ тұрғындардың ішінде белсенділік танытып, ең бірінші өз дауысын беруге келген Жөлек ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейткерей Әбенов Жөлек ауылындағы №275 сайлау учаскесінде дауыс берді.
— Бүгін біздің ауыл үшін үлкен мереке — сайлау күні. Біз отбасымызбен осында келіп, дауыс бердік. Біз таңдаған адам жұмысқа қабілетті, халықтың, еңбекшілердің өтініштеріне мұқият болатынына сенімдімін, — деді Сейткерей Әбенов.
Ең бірінші дауыс берген ақсақалға арнайы сыйлық табыс етілді. Айта кету керек, Жөлек сайлау учаскесі мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне сәйкес жабдықталды. Олар үшін дауыс беруге арналған жәшіктерге ыңғайлы қол жеткізуі үшін жағдай жасалған.