Танымал блогерден курс сатып алғандар полицияға арызданды
Танымал блогерден курс сатып алғандар полицияға арызданды
Фото: nur.kz
Алматы полициясы әлеуметтік желіде Super.mamаsita лақап атымен танымал қазақстандық блогер Әлия Байтұғаеваның іс-әрекетін тексермек. Оның үстінен Қазақстан ғана емес, ТМД елдерінен тұрғындар шағымданған. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook-те жазды. Оның айтуынша, Instagram-да ұйымдастырылған ақылы оқыту курстарын сатып алғандар полицияға шағымданған. Белгілі болғандай, блогер өзінің Instagram парақшасы арқылы ақшалай сыйақы үшін оқыту курстарын ұйымдастырған, бірақ оқырмандарының көңілінен шықпаған. Енді барлық арызданушының өтініші тіркеліп, егжей-тегжейлі тексеру жүргізілмек.
«Мемлекеттік Кірістер департаментінің арналары бойынша тиісінше осындай кәсіпкерлік қызметпен айналысудың және салық салудың заңдылығын белгілейміз. Содан кейін блогердің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, одан әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", – деп жазды Рустам Абдрахманов.