Қызылорда облысында 57 жастағы ауыл тұрғыны із-түзсіз жоғалып кетті
Қызылорда облысында 57 жастағы ауыл тұрғыны із-түзсіз жоғалып кетті
571
оқылды
Қызылорда облысының Полиция департаменті із-түзсіз кеткен тұрғынды іздеп жатыр. Жоғалған адам жайлы ақпарат Полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланды. 23 шілде күні сағат 06:00 шамасында Қызылорда облысы Сырдария ауданы Амангелді ауылының 57 жастағы тұрғыны үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткен. 1964 жылы туған Нұркамал Әбдікәрімұлы Ибадуллаев - Қызылорда облысы Сырдария ауданының тумасы. Ерекше белгілері: шашы сарғыш, бойы - 170-175 см., арық денелі, астыңғы екі тісі жартылай сынған.
«Жоғалған азамат жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда облысы Полиция департаменті кезекші бөлімінің 29-70-10 телефонына немесе 102 арнасына шұғыл түрде хабарласуды сұраймыз», - делінген хабарламада.