Барлық туризм орындары жабылады: ДДСҰ себебі мен уақытын атады
Барлық туризм орындары жабылады: ДДСҰ себебі мен уақытын атады
©А.Ахметқазы
299
оқылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығымен (ECDC) бірлесіп, осы жазда "дельта" штамының жылдам таралуына байланысты туризмнен толығымен бас тартуға шақырды, деп хабарлайды tourprom.ru. Олардың мәлімдемесіне сүйенсек, SARS-COV-2 коронавирусының "дельта" нұсқасы "Еуропаны шарлап", әдеттегі штамдарды ығыстырады. Сондықтан олар туристерді инфекцияның таралуын болдырмауға күш салуға шақырды.
"2021 жылдың 28 маусымы мен 11 шілдесі аралығында "дельта" нұсқасы басымдылығын көрсетті, генетикалық реттілік туралы толық ақпарат берген 28 елдің 19-ында осыдай жағдай тіркелген. "Дельта" штамының орташа үлесі – 68,3 пайыз, бұл бұрын үстемдік еткен "альфа" нұсқасының 22,3 пайызынан асып түсті", – деді ДДСҰ өкілдері.
ДДСҰ және ECDC сарапшылары "дельта" Еуропаның барлық дерлік елінде табылғанын және ол басқа нұсқалардың айналымын ығыстырып, таралуын жалғастыратынын атап өтті.
"Біз пандемияны тоқтату тұрғысынан алғанда, жағдайды бақылауға алдық деп айта алмаймыз. Сонымен қатар біздің аймақтың көптеген елінде "дельтаның" таралуына байланысты жағдайдың ушыққанын байқадық", – деді ДДСҰ Еуропалық бюросының Аймақтық директоры Ханс Клюге.
Сонымен қатар ол осы жазда инфекцияның, атап айтқанда, "дельта" штамының таралу қаупін азайту үшін сапарлар мен ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырды.
"ДДСҰ елдерге ақысыз тестілеуге қолжетімділікті кеңейтуді, байланыста болған адамдарға карантинді қолдануды және расталған инфекция жағдайында оқшаулауды кеңейтуді, берілу тізбегін үзу үшін контактілерді іздеуді күшейтуді және тұрғындар арасында ең қауіпті адамдарды вакциналауды ұсынады", – деді Клуге.
Оның айтуынша, "дельта" әлдеқайда жұқпалы, вакцина алмай штамға қарсы тұру мүмкін емес.