Дзюдошы Жансай Смағұлов қарсыласынан жеңіліп қалды
Дзюдошы Жансай Смағұлов қарсыласынан жеңіліп қалды
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
204
оқылды
Дзюдодан 73 келіде сынға түскен Қазақстан командасының мүшесі Жансай Смағұлов үшін Токио Олимпиадасы аяқталды, - деп жазады Olympic.kz.  Смағұлов үшінші айналымда канадалық Артур Маргелидонмен кездескен болатын. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта анықталды. Бірінші болып "ваззари" ұпайын алған Канада өкілі келесі айналымға өтті. Дзюдодан Қазақстан командасының еншісінде Елдос Сметов еншілеген жалғыз медаль бар. Кеше Ерлан Серікжанов (66 келі), бүгін Жансай Смағұлов (73 келі) жарысты ерте аяқтады. ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК