Бұқтырмада шомылған келіншек суға батып кетті
Бұқтырмада шомылған келіншек суға батып кетті
Фото: izvmor.ru
225
оқылды

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін Көкпекті ауданында тек демалыс орындарында ғана демалуға рұқсат етілген. Бірақ тұрғындар оқшау жерлерде, өзі қалаған жағалауда демалғанды жөн санайды.

«Кейбір учаскеде су түбі көрінбейді. Су ағыны жағаны шайып, топырағын ағызып әкетеді. Яғни, бір жыл бұрын тізеден аспайтын жер қазіргі уақытта терең болуы мүмкін. Демалу үшін осындай қауіпті учаскеде қайғылы жағдай болды.​ Кеше Новостройка ауылында Бұқтырма су қоймасының жағасында тыйым салынған жерде шомылған 37 жастағы келіншек суға батып кетті», – деді құтқарушылар.

Бұған дейін бір айда 27 бала суға кеткенін жазған болатынбыз.