Тоқаевтың Жарлығымен астананың іргесіндегі Қосшы ауылы қала болды
Тоқаевтың Жарлығымен астананың іргесіндегі Қосшы ауылы қала болды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес Қаулы етемін:
  1. Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
  2. Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
  4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген Президент Жарлығында.

Бұған дейін Қосшы елді мекеніне қала мәртебесін беру мәселесі талқыланған еді.