Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі Токио Олимпиадасын аяқтады. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Токиода бірінші айналымнан аса алған жоқ, — деп жазады Olympic.kz.
91 келіде бақ сынайтын Левит Испания намысын қорғайтын кубалық Эммануэль Рейеске қарсы шыққан болатын.
Кездесудің бірінші раунды 3:2 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды. Ал екінші раундтың басында қарсыласының ауыр соққысын өткізіп алған Левитке төрешілер техникалық нокаут жазды.
Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Испания өкілі келесі айналымға өтті.