Қызылордада медбике жұмыс үстінде ұсталды
Қызылордада медбике жұмыс үстінде ұсталды
© polisia.kz
208
оқылды
Қызылордада жалған вакцинация паспортын жасаған медбике анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 26 шілдеде Қызылорда облысы Полиция департаменті жүргізген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Қызылорда қаласының тұрғынына емханалардың бірінің медбикесі коронавирусқа қарсы вакцина алғандығы жөнінде жалған вакцинация паспортын жасап бергені анықталды. Ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Жалпы бүгінгі күнге облыс бойынша коронавирус инфекциясына байланысты жалған вакцинация паспортын ақпараттық жүйеге енгізгені үшін және жалған ПЦР-тест дайындау, өткізу, пайдалану бойынша төрт дерек тіркелді. Қазіргі таңда бұл қылмыстық істер бойынша да тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені үшін  ҚР ҚК-нің 206-бабымен және жалған құжатты дайындау, өткізу, пайдаланғаны үшін ҚР ҚК-нің 385-бабымен қылмыстық  жауапкершіліктер көзделген, яғни ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша ең ауыр жаза төрт жылға дейінгі және ҚР ҚК-нің 206-бабы бойынша ең ауыр жаза үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.