Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды,— деп жазады Olympic.kz.
Рыбакина үшінші айналымда хорватиялық Донна Векичпен кездесті. Векич өз кезегінде әлем үздіктерінің бірі Алина Соболенконы ұтқан болатын.
Елена мен Донна арасындағы кездесу 1 сағат 41 минутқа созылып, Рыбакина 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Ертең Елена Рыбакина испаниялық Гарибиен Мугурусаға қарсы матч өткізеді.