Саяси қуғын-сүргін құрбандары зерттеліп жатыр
Саяси қуғын-сүргін құрбандары зерттеліп жатыр
676
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша 26 мұрағат қоры зерттеліп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнаулы Жарлы­ғымен Саяси қуғын-сүргін құр­бан­дарын толықтай ақтау жө­нін­дегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Оның жүйе­лі жұмысын ұйымдастыру үшін еліміздің барлық аймағында өңірлік комиссиялар өз жұмы­сын бастаған еді. «Комиссия мүшелері 10 ба­ғыт бойынша жұмыс істеп жа­тыр. Порталдың ішкі бөлігіне мыңнан астам адамға арналған сауалнамалар енгізілді. Сондай-ақ 33 қордағы жабық мәліметтер жарияланды. Қазір ғалымдар мен мұрағатшылар осы бағыт­тағы жұмыстарды жалғастырып жатыр», – деді ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мухамед­чинов. Саяси қуғын-сүргіннің ақ­тал­маған құрбандарын іздеудің электронды базасы әзірленіп, толтырылып жатыр. Бұл қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар туралы мәліметтерді бір арнаға жинауға мүмкіндік береді.

Н.ОРАЗҒАЛИ