Сәуір айынан бері 1-сынып оқуға 310 мың өтініш түскен. Құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады.
10 тамыздан кейін дайындық тобы жұмысын бастайды. Оған балабақша мен мектепалды даярлықтан өтпеген балалар барады. 1-сыныпқа өтініштерді қабылдау Электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асады. Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.Ескерер жайт, «қызыл» аймақтағы өңірде тұратын ата-аналар балаға медициналық анықтаманы оқу жылының басталуына, яғни, 1 қыркүйекке дейін алса болады.