Сычевка ауылында Ертісте төрт адам отырған қайық аударылып кеткен еді. Үшеуі құтқарылды, бірақ 2004 жылы туған жасөспірім суға батып кетті.
Сағат 19.15-те құтқарушылар мәйітті полицейлерге тапсырды. Кеше сағат 15.28-де іздеу нәтижесінде 1991 жылы туған ер адамның денесі көпір маңынан табылды. Ол 24 шілдеде Ертіс өзеніне батып кеткен.«Құтқарушылар жекеменшік эхолоттың көмегімен Ертіс өзенінің түбін сүзіп шықты. Оқиға орнынан 2-2,5 шақырым төмен ағыс бойынша сүңгіді. Эхолот сол жерде батып кеткен адамның денесін көрсетті. Бірақ дәлел расталмады. Батып кеткен адамның денесі сағат 17.48-де оқиға орнынан 2 шақырым жерде, сол жағалаудан 5 метр қашықтықта табылды, – деді құтқарушылар.
Өкінішке қарай, бүгін сағат 04.30-да 112-ге Кенжекөл кентінің маңында Ертіс өзеніне 1999 жылы туған ер адам суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар суға батып кеткен адамның денесін сағат 10.45-те оқиға орнынан 30 метр төмен аймақта екенін анықтады.