«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты
«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты
138
оқылды
Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ, – деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.  Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асайын Байханов оқиға орнында 129 ТЖ маманы жұмыс істеп жатқанын Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді.
Шарбақты ауданында «Ертіс орманы» резерватының Шалдай филиалы аумағында  өрт шықты.  Алдын ала болжам бойынша,  құрғақ шөп  пен ағаштар (қарағай) жанған. Дала орманшылығында 149 кварталда өрт қауіптілігінің 3 сыныбы тіркелді. Оқиға орнында Шарбақты ауданының әкімі мен орынбасары бар, мен де өрт орнына шықтым, – деп жазады  Асайын  Байханов.
Облыстық ТЖД департаментінде 300 гектар аумақ жанып кеткенін хабарлады.