Теміртаудың маңында 36 жастағы ер адам мен оның 10 жасар ұлы жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жол апаты Теміртау қаласына жетпей, Нұрқазған кенішінің маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 36 жастағы ер адам мен оның 10 жасар ұлы екі көліктің соқтығысуы салдарынан қаза тапқан.
"28 шілде, сағат 09.00-де 40 жастағы жүргізуші алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау ауылынан Теміртау қаласына келе жатқан кезде Нұрқазған кенішіне бұрылған бетте НОWO автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан Lada Granta көлігі аударылып қалған. Lada Granta-ның 36 және 10 жасар жолаушылары оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарламада.
Lada Granta жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.
"Бұл дерек бойынша сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомство.