Токио Олимпиадасында теннистен аралас жұптық сайыстың алғашқы кезеңі басталды, — деп жазады Olympic.kz.
Өкінішке қарай, қазақстандық Ярослава Шведова мен Андрей Голубев жұбы қарсыластарына есе жіберді. Шведова мен Голубев бірінші айналымда жапониялық Эна Шибахара және Бен Маклаклан жұбына қарсы шыққан болатын.
Екі сетке созылған матчта қазақстандық теннисшілер 3:6, 6:7 есебімен қарсыласқа жол берді.
Айта кетелік, бүгін теннистен әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық Елена Рыбакина жартылай финалға жолдама алды.