Ертіс өзенінен 3,4 млн теңгенің бекіре балығын аулаған браконьер ұсталды
Ертіс өзенінен 3,4 млн теңгенің бекіре балығын аулаған браконьер ұсталды
Фото: qazaqparat.kz
151
оқылды
Ертіс өзенінен бекіре балығын аулаған браконьер ұсталды, — деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Telegram парақшасында. Браконьер балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік инспекциясының қызметкерлері Ертіс өзенінде, Белая өзенінде рейд кезінде ұсталды. Ер адам аспалы қозғалтқышы бар қайықпен балық аулаған. Қайықтан салмағы төрт келі Сібір бекіресі мен салмағы 8,8 келі 14 стерлет табылды. Балық ресурстарына келтірілген жалпы шығын — 3 миллион 469 мың 771 теңге. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар балық түрлерін заңсыз аулағаны үшін ер адамға ҚР ҚК-нің 339-бабы "Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану" бойынша іс қозғалады. Осы бап бойынша кінәлі үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Осыған байланысты, оқиға болған жерге Павлодар облысы Май ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды, материалдар қылмыстық іс қозғауға жіберілді.