Түркістанда 25 тойхана жабылды
Түркістанда 25 тойхана жабылды
735
оқылды

Түркістан облысында карантин  режимін бұзған 25 тойхананың жұмысы тоқтатылды. Сот шешіміне сәйкес, олар 1 ай бойы жұмыс істемейді.

Облыстағы  мобильді топтар шектеу шараларын елемеген тұлғаларға  3 500-ге жуық хаттама толтырып, 200 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Санитарлық-эпидемио­логиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырған 132 жағдай тіркеліп, аурудың өсу деңгейі 2,3 пайызды құраған. «Соңғы екі аптада ауру көрсеткіші 2,5 есе артты. Жыл басынан бері өңірде 5 754 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, оның 12-сі қайтыс болды. Індетті жұқтырғандардың басым бөлігі вакцина алмағандар екені белгілі болып отыр. Сондықтан барлық азаматтарды вакцина алуға шақырамыз», – деді Б.Елемесов.

Ардақ СҰЛТАН