Қабылдаудағы әр азаматтың өтінішіне құлақ асты
Қабылдаудағы әр азаматтың өтінішіне құлақ асты

Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қа­былдау бөлмесінде «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақ­стан облыстық филиалы төра­ға­сының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Мұрат Мұқаев тұрғындарды қабылдады.

Қабылдау бөлмесіне тұрғын үй мәселесімен жалғызбасты ана ха­барласты. Мұрат Рахметұлы бар­лық мән-жайды толығымен біліп, тиісті мекемелерге жолығуларын сұрап, заңнамалық тұрғыдан кеңе­сін айтты. Келесі болып мектеп-интер­нат­тың жабылуы салдарынан жұ­мыссыз қалу қаупін сезініп келген көпбалалы ана көмекке жүгінді. Қабылдау барысында тұрғынның басындағы мән-жайы анықталып, өз кезегінде Мұрат Мұқкаев тиісті мекемеге де­путаттық сауал жолда­натынын мәлім етті. Қабылдауға өзінің кітабын та­ныс­тырып, партиядан қолдау сұрай келген кәсіпкер де келді. Бұл мотивациялық кітап өңірдегі па­рас­порттың дамуына елеулі үлес қосқан жандар жөнінде жазылған. Өтініш иесінің әңгімесін мұқият тыңдаған Мұрат Рахметұлы кәсіп­кердің толық байланыс деректерін жазып алып, тиісті мекемелерге бұл мәселе бойынша депутаттық сауал жолдайтынын жеткізді. Қабылдау қорытындысына сай әрбір тұрғынның талап-тілегі, өтініші назардан тыс қалмай, бар­лық мәселе бойынша консуль­та­тив­тік және заңнамалық тұрғыдан түсініктемелер берілді.

Әбілмансұр ЖАСАН