Ауыл әкімдері – мемлекеттік жүйенің іргетасы
Ауыл әкімдері – мемлекеттік жүйенің іргетасы
© vk.com
161
оқылды

25 шілде күні Қазақстанда аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауыл округі әкімдерін тікелей сай­лау өтті. Халық таңдауын жасады, өзі қалаған канди­да­тына дауыс берді. Қарағанды облысы бойынша барлығы 75 ауылдық округ әкімі сайланды. 257 үміткер бағын сынады. Саяси партиялар тарапынан да, жекелеген азаматтар жағынан да қызығушылық өте жоғары болды.

Кеше сайлау қорытындысы бо­йынша жеңіске жеткен, жаңа­дан сайланған әкімдермен Қа­рағанды облысының басшысы Же­ңіс Қасымбек онлайн формат­та кездесті. – Елбасымыз қоғамды демо­кратияландыру, өзін-өзі басқару институттарын жетілдіру мәселе­сіне ерекше көңіл бөліп келді. Оның ішінде, жергілікті әкімдер сайлауына баса назар аударып, 2013 жылы пилоттық жобада да сайлау өтті. Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев былтырғы жылдағы Жолдауында елдегі әлеу­меттік және саяси мәсе­лелерге кеңінен тоқталып өтті. Со­ның ішінде, ауыл әкімдерін ті­келей сайлау мәселесіне қатыс­ты нақты тапсырмалар берді. Президент бастамасы қоғамда қызу талқыланып, үлкен қолдауға ие болды. Бұл оқиға – тәуелсіз ел тарихындағы айтулы белес. Нәти­желерге қарап отырсақ, көпші­лігіңіз алғаш рет әкім болып отыр­сыздар. Сайлау өткен ауыл басшыларының құрамы 77%-ға жаңарды. Бұл – өте жақсы, себе­бі – жаңа көзқарас проблемаларды жаңаша қарауға көмектеседі. Ауыл әкімдері – барлық мем­ле­кеттік жүйенің іргетасы, – деген Жеңіс Қасымбек халық сеніміне ие болып, жеңіске жеткен ауыл әкімдеріне жауапкершілігі мол жұмыста сәттілік тіледі . Кездесу барысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов өткен сай­лауға тоқталды. Сайлау округте­рі бойынша сайлаушылар тізімі­не 81 540 азамат енгізілсе, оның 61 846 (75,85%) дауыс беруге қа­тыс­ты. Әкімдікке кандидаттар са­ны – 257 адам. Барлық 75 сай­лау округінде әкімдер сайланды. «Nur Otan» партиясынан – 56 адам, «Ауыл» ХДПП – 3 адам, «Ақ жол» ҚДП – 1 адам, ADAL СП – 1 адам, өз-өзін ұсынған – 14 адам әкімдік міндетіне кірісіп кетті. Жиында «Nur Otan» партия­сының мүшесі, Бұқар жырау ауда­ны Шешенқара ауылдық окру­гінің әкімі Гүлден Мұқанова: – Алдымен, сенім білдіріп әкім ретінде тандаған ауыл тұр­ғындарына алғысымды білдіре­мін. «Nur Otan» партиясының бас­ты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, осы орайда барлық күшімді ауылымызда жа­ңа жұмыс орындарын құру үшін жұмсаймын. «Ауыл – ел бесігі» есебінен аудандық және жергілікті маңызы бар тасжол­дарға жөндеу жұмыстарын жүргі­зуге атсалысамын. Мектепте жа­ңа модификация кабинеттерін жаб­дықтауды қолға аламын. Ауыл – асыл қазына. Оны көркейту, да­мыту біздің қолымызда, мойы­нымызға үлкен жауапкершілік жүктелді. Сондықтан, ел сенімін ақтауға бар күш-жігерімізді сала­мыз, – дейді. Енді Абай ауданының Қара­ғанды ауылдық округін 26 жас­тағы Владислав Кирей басқарады. Ол – ең жас әкім. – Ел тарихында алғаш рет ауыл тұрғындары әкімдерді сай­лады. Бұл демократия мен жергі­лікті өзін-өзі басқарудың дамуын көр­сетеді. Бұл сайлау жастардың бас­қарушы ретінде өз күшін сы­нап көруге барлық мүмкіндік бар еке­нін көрсетті. Қызметке кірісе оты­рып, табыс адамдардың өмі­рінің жақсаруына және округтің дамуы­на байланысты болаты­нын түсі­немін, – дейді Владислав Кирей. Сонымен қатар жаңа сайлан­ған «Ауыл» партиясының мүшесі Осакаров ауданы Қаратомар ауы­лының әкімі Ержан Найманбай, ADAL партиясының өкілі Абай ауданы Южный кентінің әкімі Исламбек Жумалдинов, «Ақ жол» партиясы мүшесі, Ұлытау ауданы Ақтас кентінің әкімі Дулат Сүлей­менов, Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің әкімі өз-өзін ұсынған Данияр Серіков сайлаушыларына алғыс білдіріп, сенімнен шыға­тындарын айтты. Жеңіс Қасымбек әкімдердің өздерін сайлаған xалықтың ал­дындағы ерекше жауапкершілігіне назар аударып, аудан, қала және облыс әкімдерінің оларды толық қолдап, қоян-қолтық жұмыс іс­тейтінін баса айтты. – Ауыл – алтын бесігіміз. Ауыл – атамекеніміз. Ауылдың гүлде­нуі – мемлекетіміздің өсіп, өркен­деуінің кепілі. Ел эконо­микасында ауыл шаруашылы­ғының алатын орны ерекше. Кез келген азамат үшін ел сенімін, халықтың үмітін ақтаудан асқан жауапкершілік жоқ. Халыққа, мемлекетке қалт­қы­сыз қызмет қылу, адал еңбек ету – ең басты борышымыз, абыройлы мінде­тіміз, – деп қорытындылады ай­мақ басшысы алқалы жиынды.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫі, Қарағанды облысы