Токиодан елге оралған Зульфия Чиншанло мен Игорь Сонға автокөлік сыйлады
Федерация президенті Жанат Түсіпбеков көлік кілтін астанада табыс етпек. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясы хабарлады.
Спортшылардың жеке жаттықтырушысы мен ұлттық құраманың бас бапкері ақшалай сыйақы алады.
Токиода Игорь Сон 61 келі, Зульфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленгенін жазған болатынбыз.