Токио Олимпиадасының ертеңгі жарыс күнінде қазақстандықтар спорттың 4 түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жапония астанасында Қазақстан атынан сынға түсіп жүрген теннисші Елена Рыбакина кеше жартылай финалда сүрінгеніне қарамастан, ертең қола медальға таласады.
Сондай-ақ, үш боксшымыз шаршы алаңға шығып, жарыстың келесі айналамына өтуге талпынып көреді. Сонымен қазақстандықтардың ертеңгі жарыс кестесі мынадай:
07:00 – Су добы. Ерлер. Іріктеу кезеңі.
Қазақстан— Черногория
07:35 – Садақ ату. Ерлер.
1/8 финал Ильфат Абдуллин — Цзялунь Ли (Қытай)
12:00 – Теннис. Әйелдер. Жеке разряд. Қола медаль сарапқа салынады.
Елена Рыбакина — Элина Свитолина (Украина)
14:48 – Бокс. Ерлер. 1/8 финал 52 кг.
Сәкен Бибосынов — Биллаль Беннама (Франция)
15:36 – Бокс. Ерлер. 1/8 финал 63 кг. Закир Сафиуллин — Дайсукэ Наримацу (Жапония)