40 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды
40 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды
196
оқылды

Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы барысында «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол карта­сының үш тармағы қаралды.

Жиында сондай-ақ халықты жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал топтарының жұ­мысқа орналасуы, «Еңбек» мем­лекеттік бағдарламасын іске асы­руы, орташа жалақыны 320 мың теңгеге дейін ұлғайту туралы бір­шама маңызды сұрақтар бойынша жауапты басқармалардың есебі тыңдалды. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Д.Әлкебайұлының баядамасына сәйкес, іске асыры­лып жатқан мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңбе­рін­де жұмыс орындарын құру жұ­мыс­пен қамту деңгейін арттыруға оң нәтижелер бергенін айтты. Қалада «Алматы-2025» даму бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға жұмыс орындарын құру жоспары 51 217 бірлікті, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 35 418 бірлік, уақытша жұмыс орындарына 15 799 бірлікті құрайды. 2021 жылғы 22 шілдедегі жағ­дай бойынша, қалада 39 219 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішін­де: тұрақты жұмыс орындары – 25 200 бірлік, уақытша жұмыс орындары 14 019 бірлікті құрады. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына қатысты биыл мүгедектігі бар азаматтар арасынан 1 051 адам көмекке жүгініп, жалпы 1,9 мыңнан астам азамат Жұ­мыс­пен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрды. Оның 1 072-сі (56%) жұмыспен қамту ша­раларымен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 149 адам орна­ласып, 873 адамға – мемлекет тара­пынан субсидияланатын орын­дарға, 29 азаматқа қысқа мер­зімді курстарға жолдама беріліп, 21 аза­матқа кішігірім бизнес ашуға грант тағайындалғаны белгілі бол­ды. Жиын соңында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орын­басары Д.Тазабек Жол картасы аясында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы бойынша есеп беріп, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

 Әбілмансұр ЖАСАН