Арқаның кербез сұлу Көкшетауы...
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы...
©С.Мағзұмов

Көкшетау... Сал-серілер ордасы, тұмса табиғатымен талайды тамсандырған киелі мекен. Тарих сахнасында археологиялық қазба жұмыстарынан ежелгі заманнан-ақ көкше жерінде байырғы қоныстар болғаны анықталып жатыр. Дегенмен Көкшетаудың қала болу тарихы 1824 жылдан басталған деп есептеледі.

[caption id="attachment_153920" align="alignnone" width="877"]00 Көкшетау ©С.Мағзұмов[/caption] Патшалық Ресей империясынан келген әскери жасақтар бүгінгі қала орнына бекініс салып, ол шекараны жаудан қорғау қызметін атқарған деген тарихи деректер бар. Сол жылдарда алғаш қазығы қағылған қала – бүгінде Ақмола облысының әкімшілік орталығы. Ал 1944 жылдан 1997 жылға дейін Көкшетау облысының орталығы болған қала Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарына дейін «Кокчетав» деп аталып келген. Статистикалық ресми деректерге сенсек 2020 жылы облыс орталығындағы халық саны – 146 104 адамға жеткен. Қопа көлінің жағасын бойлай орналасқан қаланың бүгінгі күндегі тыныс-тіршілігі едәуір өзгерген. Кескін-келбеті жаңарып, жаңа іргелі нысандар бой көтерген... Облыс орталығы болғанымен көлемі өте шағын. Қаланың көрнекі жерлерін небары бір-ақ күн ішінде толықтай аралап шығуға болады. Шамамен қала шекарасы небары 5 шақырымды ғана құрайтындықтан шаһарды жаяулап серуендеуге де әбден болады. [caption id="attachment_153908" align="alignnone" width="903"]01 Көкшетау ©С.Мағзұмов[/caption]

Көкшетау – еліміздің мәдени астанасы

Биылғы жылдың басты жаңалықтарының бірі – Көкшетау Қазақ елінің мәдени астанасы деп жарияланды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Рухани қазына – 2021» атты іргелі фестиваль аясында осындай атақты растайтын мүсіншені табыстады. Көшпелі түрде еліміздің әр өңірінде өткізілетін фестивальдің биыл Көкше жерінде өтуі де өңірдің мәдениет және өнер саласындағы айтулы жетістіктері үшін ұсынылған. [caption id="attachment_153909" align="alignnone" width="900"]02 Көкшетау ©akmolinform.kz[/caption]

Қопа жағажайы – заманға сай демалыс орны

Облыс орталығының еліміздің өзге қалаларынан басты ерекшелігі қаланы айнадай жалтыраған Қопа көлі қоршап тұр. Өткен жылдан бері көл жағажайы адам танымастай өзгерген. Жағажайда заман талабына сай демалыс алаңдары мен балалар ойын алаңдары, сондай-ақ суға шомылатын арнайы орындар пайда болды. [caption id="attachment_153910" align="alignnone" width="930"]Көкшетау ©akorda.kz[/caption]

Өнер, білім әрі спорт тоғысқан Bolashaq saraiy

Көкшетауда өткен жылы солтүстіктегі көршімізбен бірге ұйымдастыратын "XVII өңіраралық Қазақстан-Ресей ынтымақтастық форумы" жоспарланған. Алайда тұтас әлем елдерін жайлаған коронавирус пандемиясының салдарынан форум белгісіз уақытқа шегерілді. Дегенмен, іргелі саяси оқиғаны ұйымдастыру үшін Көкшетауда Bolashaq saraiy атты сәулетті сарай бой көтерді. Облыс аумағындағы қосымша білім берудің ең ірі орталығына айналған сарай заманауи талаптарға сай технологияларды кеңінен қолданады. Қаланың көркін ашқан ғимаратта қазір білім, өнер және спорт бағытындағы қырықтан астам үйірмелер мен секциялар үздіксіз жұмыс істеуде. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында балалар мен жасөспірімдерге арналған 1172 орындық сарайды аралап көрді. Президент сарайдағы шәкірттермен онлайн режимінде сөйлесіп, олардың оқуына табыс тіледі. [caption id="attachment_153911" align="alignnone" width="987"] width= ©С.Мағзұмов[/caption] Басқа қалалар сияқты Көкшетаудың да тіршілігінде базар саудасы, сауда үйлері үлкен рөл атқарады. Қарақұрым жұрттың көпшілігі күнін «Орталық базар» айналасындағы «Рио», «Рубин», «Армада» сияқты сауда орындарынан бастап орталықтағы ЦУМ-да өткізеді. [caption id="attachment_153912" align="alignnone" width="895"] width= ©С.Мағзұмов[/caption]

Бұқпа таудың басындағы – Көкшетау

Қаланы өзгелерден ерекшелейтін, әрі ең негізгі «визит карточкасы» саналатын орындардың бірі Бұқпа жотасының төбесіндегі «КӨКШЕТАУ» жазуы. Көкшетауға келген кез-келген қонақ осы төбенің басына шығып, қала атауы жазылған жерге суретке түспей кетпейді. Әйгілі Голливуд стилінде жазылған бұл жазудың да тау басынан мен мұндалап көрінгеніне де 9 жыл толған. Эскизін «Дизайн Сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жасаған. Жазудың ұзындығы 67 метрге, ал әрбір әрпінің биіктігі 10 метрге дейін жетеді. Күндіз ақ, ал түнде түсірілетін жарық шамдары арқылы түрлі-түсті түске боялып жарқырап тұрады. Бірнеше жыл бұрын таудың төбесіне шығатын жол да жөнге келтіріліп, арнайы сатылы баспалдақ пен жазу алдына суретке түсуге ыңғайлы қоршау тұрғызылған. [caption id="attachment_153913" align="alignnone" width="820"]05 Көкшетау ©С.Мағзұмов[/caption]

Абылай хан ескерткіші

Көкшенің қақ төрінде Абылай хан ескерткіші де қаланың басты символдарының біріне айналған. Өткен ғасырдың 90 жылдардың соңында тұрғызылған ескерткіш қазақтың үш жүзінің басын қосқан Әбілмансұр Абылай ханға арнайы салынған. Абылайдың атымен аталған алаң төрінде тағына жайғасқан биіктігі бес метрлік ханның мүсіні мен тақтың артында 14 метрлік коллона өмір ағашын бейнелеген. Ал ескерткіштің алдына арнайы контейнермен Абылай ханның жерленген жерінен бір уыс топырақ салынған.

Ақан сері, Біржан сал...

Көкшетау десе а дегеннен жұрттың бірден аузына түсетіні Ақан сері мен Біржан сал. ХІХ ғасырда өмір сүріп, өнердің биігіне шыққан, ақындығы мен композиторлығы бір төбе болған талантты тұлғаларға биіктігі 3 метрден асатын алып мүсінді ескерткіштер орнатқан. Әрі қаланың іргелі көшелеріне есімдері берілген. Ақан серінің есімін, оның жан серігі Құлагерсіз айту мүмкін емес. Серінің желден озған жүйрік тұлпарының дүбірі мен атақ-даңқы Қазақ елін ғана емес көршілес елдерді тамсантқан. Бүгінде тарих парақтарына айналып үлгерген әйгілі тұлпарға да қалада ескерткіш қойылған. Көкшетауға Елорда жақтан кіреберісте Астана-Көкшетау автобанының жол полициясы бекетінен 5 шақырымдай қашықтықта Ақан серінің тұлпарына арнап алып мүсін орнатылған. Салмағы алты тоннаға жететін Құлагер ескерткіші қазір Көкшеге келген әрбір жолаушыны қарсы алып, шығарып салады. [caption id="attachment_153914" align="alignnone" width="937"]06 Кокшетау. Мечеть им Науана Хазрета ©С.Мағзұмов[/caption]

Имандылыққа жол салған – Науан Хазірет мешіті

Тарих беттерінде алтын әріптермен қалап, жергілікті жұртты имандылық пен білім-ғылымға бет бұрғызған Көкшенің бетке ұстар тұлғаларының бірегейі – Науан Хазірет. Ардақты тұлғаның есімін иеленген мешіт бүгінде қаланың ең көрікті орындарының біріне айналған. Мешіттің іргетасы 2010 жылдың наурызында қалана бастаған. Құрылыс тарихи-мәдени мұра шеңберінде арнайы құрылған қорға халықтың өз еркімен салған қаражаты есебінен салынған. Мешіттің ашылу салтанаты 2015 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеумен тұспа-тұс келген. Мешітте бір мезетте 1400 жамағат намаз оқи алады. Мешіттің алтын жалатылған диаметрі 12 метрлік күмбезі мен 6 кіші күмбезі және төрт минареті бар. Басты ерекшелігі сол мешіт күмбезінің ішкі жағынан Алланың 99 есімі жазылған. [caption id="attachment_153918" align="alignnone" width="884"] width= ©С.Мағзұмов[/caption] [caption id="attachment_153919" align="alignnone" width="887"] width= ©С.Мағзұмов[/caption] [caption id="attachment_153917" align="alignnone" width="893"] width= ©С.Мағзұмов[/caption] [caption id="attachment_153916" align="alignnone" width="940"] width= ©С.Мағзұмов[/caption] P.S. Біз Көкшенің тек бірқатар ғана нысандарын назарларыңызға ұсындық. Шаһардың бұдан өзге де барып көруге тұрарлық орындары баршылық...

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Советбек Мағзұмов (фото), Ақмола облысы