Қытай Шыңжаңда ядролық ракеталарға арнап жүздеген шахта салып жатыр
Қытай Шыңжаңда ядролық ракеталарға арнап жүздеген шахта салып жатыр
Сурет: luffman
201
оқылды

Америкалық әскерилердің ескертуінше, Бейжің мен Вашингтон арасындағы шиеленіс ушыққан сәтте Қытайдың ядролық ракета шахталарын кеңейте түсуі — алаңдатарлық жағдай. Бұл туралы inbusiness.kz басылымы жазды. 

Америкалық ғалымдар федерациясының есебіне жүгінсек, Қытай атомдық зымырандарға арнап жер астында 250 шахта салып жатыр. Спутниктен түсірілген суреттер олардың құрылысы елдің батысында жүріп жатқанын көрсеткен. Федерацияның осы жайлы қорытындысын АҚШ-тың Стратегиялық қолбасшылығы осы аптада «Нью-Йорк Таймс» газетінде жарық көрген материалға сілтеме жасап та хабарлады.
«Қоғам біз үнемі айтып жүретін әлемге төнген қауіп пен оның айналасындағы құпия жайттан хабардар болды», - дейді Құрама Штаттардың ядролық арсеналын бақылайтын Стратегиялық қолбасшылық.
Аталған шахталар Шыңжаңда салынып жатыр. Биыл маусымда Калифорниядағы Джеймс Мартин атындағы зерттеу орталығы көршілес Ганьсу провинциясында да дәл осындай ракеталық алаң әзірленіп жатқанын жариялаған еді. Қытай бұл мәселеге қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Елдің сырқы істер министрлігі жұма күні оған байланысты ештеңе білмейтінін мәлімдеді.